Кесілген 63 ағаштың орнына 3150 ағаш отырғызылады

Кесілген 63 ағаштың орнына 3150 ағаш отырғызылады
zakon.kz

"Нұрлы тау" шағынауданында ағаштарды кесу туралы ақпарат

"Нұрлы тау" шағынауданы, 46 үй мекенжайындағы ағаштарды кесу фактісі бойынша мынаны хабарлаймыз.

Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының мамандары осы мекенжайдағы аумақты тексеру кезінде 63 жеміс ағашын кесу фактісін анықтады. Кесу рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Сондықтан тиісті тексеру актісі жасалды.

Заңсыз әрекеттерден келтірілген залал 1060 АЕК (3 657 000 тг) мөлшерінде анықталды. Бұдан басқа, кінәлілердің өтем ағаштар отырғызулары тиіс екендігі де қарастырылған. Демек, өтемдік ағаш отырғызу көлемі Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау Ережелеріне сәйкес 3150 ағашты құрайды әрі олардың биіктігі кемінде 2,5 метр.

Осы факт бойынша қолданыстағы заңнама аясында одан әрі қарай тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы қаласының полиция департаментіне және Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына хат жолданды.

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы