Өзбекстандық заңсыз келімсектерге Алматы несімен жаққан?

Өзбекстандық заңсыз келімсектерге Алматы несімен жаққан? Сурет: Polisia.kz

Гастарбайтерлерге құрылыс алаңында жұмыс істегені үшін жақсы жалақы төлейтіні ұнаған.


Қала аумағында республикалық «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның барысында Жароков көшесіндегі жаңа тұрғын үй кешені шетелдік жұмыс күшімен салынғаны белгілі болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Бұл деректі біз 20 ақпанда басталған “Мигрант” республикалық іс-шарасы барысында анықтадық. Жақында құрылыс нысандарының бірінде жүргізілген тексеру кезінде заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның 19 азаматы анықталды: олардың кейбіреулері бір айдан астам уақыт бұрын, кейбіреулері осы құрылыс нысанына 10 күн бұрын келген. Ең алдымен, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетелдіктердің өздері де, олардың жұмыс берушілері де жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ұсталғандардың жеке басының заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілетін болады. Әкімшілік іс материалдары сотқа жолданады», — деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.



«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты – тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін анықтау.



«Іс-шараның үш күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 536 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 44 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 224 қабылдаушы тарап жауапкершілікке тартылса, ҚР шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 24 жұмыс берушіге айыппұл салынды. Сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 338 шетелдік азамат қабылдап-тарату пунктіне орналастырылды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19