Нилуфар Раимова - әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері

Нилуфар Раимова - әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
Сурет: Ашық дереккөз

Белдесу барысында қазақстандық балуан жинақы қимыл көрсетті

Бүгін, 12 сәуірде, Астана қаласында әйелдер күресінен Азия чемпионатының екінші ойын күнінде Нилуфар Раимова (57 келі) қола алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ол 3-орын үшін сайыста қырғызстандық Бермет Нуридинқызымен кездесті. Белдесу барысында қазақстандық балуан жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, бүгін ел құрамасынан Жәмила Бақбергенова (72 келі) жапониялық Сумире Никурамен алтын жүлдені сарапқа салады.

Ал Альбина Қайыргелдинова (65 келі) қола жүлдеге таласады. Қарсыласы - үндістандық Маниша Маниша.

Еске салсақ, әйелдер күресінен жарыстың алғашқы күнінде ел құрамасынан Эльмира Сыздықова (76 келі) чемпион атанса, Марина Седнева (55 келі), Елена Шалыгина қола алды.