Наурызбай ауданында тағы 6 жаңа мектепті жобалау және салу жоспарлануда

Наурызбай ауданында тағы 6 жаңа мектепті жобалау және салу жоспарлануда
Сурет: Tengrinews.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде белгілі болды.

Ауданда мектептегі орын тапшылығы мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Мысал ретінде алатын болсақ, 2022 жылдың басында Наурызбай ауданы қаладағы оқушы орындарының тапшылығы бойынша бірінші орында тұрды (7251 орын). Ал, биылғы жылдың басында бұл көрсеткіш 3 есе, яғни 2494 орынға дейін қысқарды», - деді қала әкімі Е.Досаев.

 Өткен жылы "Қалқаман" мен "Шұғыла" шағынаудандарында 5100 орындық 4 мектеп ашылды.

«Сіздердің аудандарыңыздағы тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, тағы 6 жаңа мектепті жобалау және салу жұмыстары жүріп жатыр», - деді қала басшысы.