«Көлсай көлдері» ұлттық саябағында сирек кездесетін қар барысы бейнетұзаққа түсіп қалды

«Көлсай көлдері» ұлттық саябағында сирек кездесетін қар барысы бейнетұзаққа түсіп қалды
Сурет: Egemen.kz

«Көлсай көлдері» ұлттық саябағында сирек кездесетін қар барысы бейнетұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Саябақ әкімшілігінің ақпараты бойынша, оның аумағында тек 16 қар барысы бар. Жануарлар саны тұрақты.

«Қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына ілінді. «Қызыл кітапқа» енген жануар бұған дейін де фотоқақпанға бірнеше рет түскен болатын», - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.

Қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біздің елде 120-130 басы бар, әлемде оның саны жеті мыңнан аспайды. Жыртқыштың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі - фотоқақпан қолдану. Қазақстан ұлттық парктерінде 150-ден аса фотоқақпан құрылған.