Наурызбай ауданында ауыз су мәселесі шешімін таба ма?

Наурызбай ауданында ауыз су мәселесі шешімін таба ма?
Сурет: Inform.kz

Наурызбай ауданы құрылғаннан бері ауыз су мәселесі тұрғындар үшін аса өткір проблема болып отыр.

Қазіргі уақытта Қарғалы су қоймасының құрылысы аяқталып, Ақсай су қоймасының құрылысы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы жұртшылығымен кездесуінде айтылды. 

«Қарғалы бойынша жұмыстар 80%-ке аяқталды, 12 нысан салынды. Іле-Алатауы паркі аумағында қосымша рұқсат құжаттарын алу қажет болғандықтан, құрылыс уақытша тоқтатылды. Бүгінде жұмыстар қайта жанданды. Объектіні келесі жылдың 3-ші тоқсанында тапсыруды жоспарлап отырмыз», - деді қала әкімі Ерболат Досаев. 

 «Ақсай» су қоймасы бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды, құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақша бөлінді, мердігер ұйым - «Integra» компаниясы, қазір құрылыс жұмыстары басталып кетті. Аяқталу мерзімі - 2025 жылдың ІІІ тоқсаны.