Нашар көретін азаматтарға арналған МР3 форматындағы жаңа кітап жарық көрді

Нашар көретін азаматтарға арналған МР3 форматындағы жаңа кітап жарық көрді
Сурет: Ашық дереккөз

Кітап авторы қызықты оқиғалармен бөлісті

ҚР Ұлттық кітапханасының жас маманы, ақын, жазушы, айтыскер Шархан Мұхаммед-Қанапияның зағип және нашар көретін азаматтарға арналған нүктелі-бедерлі және МР3 форматында жарық көрген  «Тәтті мұң» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл кітапқа жас  жазушылар арасында зағип және нашар көретін азаматтардан сұраныс артып, нүктелі-бедерлі және МР3 форматында жарық көрді.

Тұсаукесер рәсіміне зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы, ҚР Ұлттық кітапханасының жас маманы Ергеш Ернар және кітаптың аудио нұсқасын оқыған Тәңірберген Орынбасар қатысты.

Іс-шара барысында автордың төл қаламынан туған өлең жолдары оқылып, әндері айтылды.

Шара соңында оқырман қауым өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Кітап авторы оқырмандардың көптеген сауалдарына жауап беріп, қызықты оқиғалармен бөлісті.

Тұсаукесер соңында автор  Шархан Мұхаммед-Қанапия зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасына және ҚР Ұлттық кітапханасына қолтаңбасы бар кітаптарын және аудио МР3 форматын сыйға тартты.

Іс-шараға зағип және нашар көретін азаматтар, ҚР Ұлттық кітапханасының жас мамандары және оқытушылар мен автордың қаламдас достары қатысты.