Нақты іспен айналысамыз - Олжас Бектенов Президентке уәде берді

Нақты іспен айналысамыз - Олжас Бектенов Президентке уәде берді
Сурет: Akorda.kz

Тапсырмалар орындалады. 

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырмалардың орындалатындығына уәде берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Құрметті Президент мырза! Сіз берген ауқымды тапсырмалардың барлығы мүлтіксіз орындалатын болады. Жаңартылған Үкіметтің құрамы оған дайын. Мәселелердің сәнінен гөрі мәніне көп назар аударамыз. Нақты іспен айналысамыз. Нәтиже болады деп уәде беремін», - деді Олжас Бектенов.