Мүгедек балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды

Мүгедек балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды
Сурет: gov.kz

Бүгін Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 3 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды.

Ерте араласу орталығы облыстық перинаталдық орталықтың базасында құрылған және нейро-ортопедиялық бұзылулары бар және олардың даму қаупі бар балаларды қабылдай бастайды. «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының әріптестігі кезінде іске қосылған орталық жыл сайын 3 жасқа дейінгі 600 баланы қабылдай алады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ерте араласу орталығында шала туған балаларға, орталық нерв жүйесі мен мидың даму ақаулары, церебралдық сал ауруы, Даун синдромы, нейроинфекциялар мен жарақаттардың салдары бар балаларға көмек көрсетіледі. Мұндай орталықтардың негізгі мақсаты -балалардағы ерте мүгедектіктің профилактикасы.

Бұл әлеуметтік жоба «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақстан халқына» ҚҚ бастамасымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасының шеңберінде іске асырылды.