Мұғалімге де айыппұл салынады

Мұғалімге де айыппұл салынады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Көлемі – 50 АЕК (184 600 теңге).

Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділдің айтуынша, оқушыны қорлаған мұғалімдерге 200 мың теңгеге жуық айыппұл салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, онда әрбір ұстаздың міндеті мен жауапкершілігі нақты айқындалған. Педагогикалық әдеп нормаларын білу – олардың кәсіби шеберлігін, сондай-ақ еңбек тәртібін бағалау критерийлерінің бірі. Мұғалім әдебін бұзу тәртіптік әрекет болып табылады, ол үшін тәртіптік жауапкершілік көзделген.Әкімшілік кодексте мұндай жауапкершілік қарастырылған. Мұғалімнің оқушыларға психологиялық немесе физикалық зиян келтіргені расталса, ол үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады», деді вице-министр.

Оның айтуынша, министрлікке мұғалімдерге қатысты мұндай шағымдар жиі түседі.

Әрбір өтінішті білім сапасы жөніндегі комиссия мұқият қарайды. Әрбір жағдайда қызметтік тексеріс жүргізіліп, шаралар қабылданады. Қазір мұғалімдер конкурстық негізде жұмысқа қабылданады, онда комиссия нақты үміткерге мұғалім этикасын білетін не білмейтіні туралы сұрақ қояды, - деді Оспан Еділ.