Мьянмада көтерілісшілер елді мекендерді басып алды

Мьянмада көтерілісшілер елді мекендерді басып алды
Сурет: ашық дереккөз

Мьянмада әскери үкімет күштері мен халық жасақтары арасында қақтығыс жалғасып жатыр

"Аракана армиясы" деп аталған көтерілісшілер елдің батысындағы Чин мен Ракхайн штатындағы тағы бірнеше елді мекенді басып алған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың талабы әскерилерді биліктен кетіріп, елде қайта азаматтық үкімет орнату. Бұған дейін көтерілісшілер Мьянманың солтүстік-шығысындағы бірқатар қала мен жүзден аса әскери бекетті бақылауға алған еді. Әскерилер көтерілісшілерді ел арасына жік салып отыр деп айыптайды. Олар Мьянмада 2021 жылдың ақпан айында төңкеріс жасап, билікті басып алған еді. Көп ұзамай халық бас көтеріп, жасақтар құрылып, қарсы әрекетке көшті.