Доллар 463,65 теңге болды

Доллар 463,65 теңге болды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ұлттық валюта күні қарсаңындағы саудада теңге нығая түсті.

KASE-нің мәліметінше, доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,21 теңгеге төмендеп, 463,65 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,53 теңге (-0,23) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 497,99 теңге деп, рубль бағамын 5,06 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 465,7-468,1 теңге, еуро 495,5-498,5 теңге, ресей рублі 4,95-5,1 теңге аралығында саудаланып жатыр.

13 қарашадағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 0,45%-ға өсіп, барреліне 82,89 доллар болды.