Минскіде ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

Минскіде ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті
Сурет: Министрлік

Кеңеске Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы Беларусь Республикасының ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери қауіпсіздігіне төнетін қатерлер тұрғысынан дағдарыстық ден қою жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Отырыста сондай-ақ 2024 және 2030 жылға дейінгі кезеңге ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын, басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлау іс-шараларының тізбесі айқындалды.