Мейірім жекпе-жектің көкесін танытпақ

Мейірім жекпе-жектің көкесін танытпақ
Сурет: Рrosports.kz

Мейірім Нұрсұлтанов қандай чемпиондық белдікті көздеп тұр?

Бұл жөнінде қазақстандық промоутерлік компания мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жекпе-жек кеші алдағы жылы 22 қаңтарда Ақтауда өтеді және ол 10 раундқа есептелген.

Қарсыласы – ресейлік Андрей Сироткин. Ол бүгінге дейін 21 рет шаршы алаңға шығып, 19-ында ұтты, біреуінде тең түсті.

Ал Мейірім 15 кездесу өткізіп, 15 рет жеңіске жетті.

Бокстан жекпе-жекте Мейірім Нұрсұлтанов WBO чемпиондық белдігіне таласады.