Мессидің миссиясы аяқталды

Мессидің миссиясы аяқталды
novayagazeta.ru

Лионель Месси мен «Барселонаның» арасында жасалған келісім-шарттың мерзімі аяқталды. Бұл туралы каталониялық клуб ресми сайтында жариялады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Барселона» аргентиналық шабуылшымен жаңа келісімшарт жасай алмады. Бұған себеп - қаржы тапшылығы мен Ла Лигадағы шектеулер. Месси «Барса» сапында 2000 жылдан бері ойнап келді. Ол каталониялықтармен бірге 10 мәрте Испания чемпионы болған. Бұдан бөлек 7 рет Испания кубогін, 7 рет Суперкубокті, 4 мәрте Чемпиондар лигасын, 3 рет Еуропа Суперкубогін ұтып алған.

Биыл 1 маусым күні тараптар арасында жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталғанын айтып кету керек. Осындан кейін спорт журналистері аргентиналық ойыншы «Манчестер Сити» немесе «Пари Сен-Жермен» клубтарына ауысады деп жарыса жазған еді.