Ауыл әкімдері сайлауының өту барысы туралы

Ауыл әкімдері сайлауының өту барысы туралы
Сурет: 24.kz

Округтік сайлау комиссияларының шешіміне сәйкес, еліміздің 14 облысының 176 ауданындағы (қаласындағы) 730 округ бойынша сайлау жарияланды.

Саяси партиялардың ішінен ең көп кандидаттарды Nur Otan партиясы ұсынды  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аймақтық сайлау комиссияларының мәліметіне сүйеніп.

Науқан басталғалы бері республикада 2322 кандидат ұсынылған, оның ішінде 7 шілдеде - ауылдық әкімдікке 102 кандидат ұсынылды.

Олардың ішінде өзін-өзі ұсынған кандидаттардың ең көп саны - 1 455 адам (62,7%), саяси партиялардың ұсынғаны – 867  адам (37,3%).

Саяси партиялардың ішінен ең көп кандидаттарды Nur Otan партиясы ұсынды - 588 адам (67,8%),

«Ауыл» - 100 адам (11,5%), Қазақстанның халық партиясы - 70 адам (8,1%), ADAL - 56 адам (6,5%) AQJOL - 53 адам (6,1%). Ал, ЖСДП бір де бір кандидат ұсынбапты.

Кандидаттардың ең көп бөлігі Ақмола (300), Қарағанды ​​(267), Алматы (247) және Шығыс Қазақстан (237) облыстарында сайлау жарияланған округтердің көптігіне байланысты ұсынылды. Ал ең аз кандидат ұсынған Маңғыстау (36), Атырау (60) және Батыс Қазақстан (82) облыстары.

Елдегі кандидаттар арасындағы бәсеке бір орынға 3,2 адамнан келіп тұр. Бәсекесі ең жоғары аймақ - Түркістан (3,8), Маңғыстау (3,6), Қарағанды ​​(3,6) және Алматы (3,5) облыстары. Ең аз бәсеке Қостанай (2,3) және Батыс Қазақстан (2,6) облыстарында.

Кандидаттарды ұсыну 9 шілдеде басталды, сонымен бірге кандидаттарды тіркеу қатар жүруде (үміткерлерді тіркеу 14 шілдедегі сағат 18-00 дейін).