Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады
Фото: olympic.kz

Еркін күрестен қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын сәтті бастады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Olympic.kz. сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 1/8 финалында әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері кубалық Алехандро Вальдеспен кездесті. Екеуара кездесу 21:11 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді.

Белдесудің басым бөлігін кубалық балуан 9:2 есебімен жеңіп тұрғанда, Дәулет Ниязбеков үздіксіз нәтижелі әдіс жасап белдесу аяқталғанша 21 ұпай еншіледі. Ережеге сәйкес, ұпай айырмашылығы 10 ұпай болғандықтан, Дәулет Ниязбековке уақытынан бұрын техникалық жеңіс берілді.