Смартфондағы мобильдік интернетті түнде өшіріп қою қажет - IT маманы

Смартфондағы мобильдік интернетті түнде өшіріп қою қажет - IT маманы
Cурет: pixabay.com

Смартфонның қызып кету қаупі бар

Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін смартфонға түнде дамыл беру керек. Түнде қосулы мобильді интернет үш-төрт жылдан асқан құрылғыға зиян тигізуі мүмкін.  Бұл туралы  «Ақпараттық қауіпсіздіктің зияткерлік жүйелері» кафедрасының доценті Евгений Кашкин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Егер мобильді қосымшаларды тек Wi-Fi желісі арқылы жаңартудың арнайы өлшемдерін орнатпаған болсаңыз, онда смартфоныңыз оларды мобильді интернет арқылы жүктей бастайды.

«Прайм» агенттігіне берген сұхбатында Кашкин гаджет иелері түнде мобильді трафик пакетінің едәуір бөлігін жоғалтып алуы мүмкін екенін де атап өтеді.
Сонымен қатар, маман қазіргі уақытта смартфонның қызып кету қаупі бар екенін қосты. Әсіресе, түнде, адамдар шырт ұйқыда жатқанда бұл жағдай өте қауіпті. Осы себепті жатарда смартфонды интернеттен ажыратып тастаған тиімдірек болады.