Менің тілім – ұлы дала рухы»

Менің тілім – ұлы дала рухы»
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы  Алатау ауданы  Шаңырақ-2 ықшамауданында орналасқан №26 жалпы білім беретін мектепте тіл мерекесінің қарсаңында «Менің тілім – ұлы дала рухы» атты жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсінуге,  Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеріп, тіл тазалығын сақтап, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейтін. іс-шара өтті.

Шараға Т.Жүргенов атындағы Ұлттық  Өнер академиясының студенттері, әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университетінің студенттері және мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар О.Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» шығармасын көрермен назарына ұсынды. Мектеп түлегі Ибрахим Бірлік  М.Мақатаевтың «Атамекен» өлеңін оқып, мектеп оқушылары Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Шаханов бейнелерін сомдап, тілдің қасиетін оқушылар назарына ұсынды.

Кешті ұйымдастыруға қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі Намазиманова Әдемі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Жақанова Назым,  Естемесова Арайлым,  Пралиева Индира,  Бекжігітов Серік, Абданбай Нәзира белсене қатысты.