«Хабарға» Кемелбек Ойшыбаев келді

«Хабарға» Кемелбек Ойшыбаев келді
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгінгі күннен бастап “Хабар” Агенттігі Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы міндетін Кемелбек Ойшыбаев қолына алды

Бұл туралы Кемелбек Ойшыбаев өзінің әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 

Бүгіннен бастап “Хабар” Агенттігі Акционерлік қоғамының басқарма төрағасының міндетін атқаруға кірістім.
Басты мақсатымыз агенттіктін “Хабар”, “Хабар 24”, “Ел арна” арналарының телеөменімдерін дамытып, халыққа керекті, қызықты жасау. Жастарымызды тәрбиелеу, ағартушылықпен дұрыс жолға салу бағытында нәтижелі болуымыз үшін интернет желілерінде арналарды конкурентті түрде, қарқынды, дамытуымыз керек.
Осы мақсаттарға агенттіктің командасымен бірге жету үшін бар күш қуатымды, тәжірибемді және білімімді жұмсауға дайынмын.
Мемлекетіміздің басшылығына, төл министріміз Балаева Аида Ғалымқызына  Aida Balayeva сенім білдіргендері үшін алғыс, деп жазды.