Мемлекеттік тілдің мәртебесі биік болсын!

Мемлекеттік тілдің мәртебесі биік болсын!
Cурет: Ашық дереккөз

Кешегі ҚХА отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекеттік тілге қатысты айтқаны мені де тіл жанашыры ретінде назар аудартты. 

Бұл үндеулер мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін қабылдануы тиіс шаралардың темірқазығы болмақ. Ел басшысы атап өткендей, «Қазақстан- көптілді мемлекет, бұл біздің басымдығымыз, біздің байлығымыз, бірақ мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін есте ұстауымыз керек». Осы орайда басқа тілде сөйлейтін азаматтарға зиян келтірмей, сонымен қатар кемсітпеу үшін жұмыстар жасалатынына сенеміз. 

Мемлекеттік тілдің мәртебесі биік болсын деймін әрі сол жолда үн қосуға шақырамын.