Мемлекеттік кірістер комитеті мамандары бейнеқоңырау арқылы кеңес береді

Мемлекеттік кірістер комитеті мамандары бейнеқоңырау арқылы кеңес береді
Сурет: ашық дерекөз

Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 16-қазанынан «Байланыс орталығы» арқылы салық төлеушілерге кеңес бере бастайды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Kazinform-ға сілтеме жасап 

Бұл пилоттық жоба бейнебайланыс негізінде жүзеге асады.

"Жобаның мақсаты – арнайы QR-кодты басу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталындағы сілтемесі арқылы немесе Telegram-дағы Salyqbot каналында «Бейнеқоңырау» арқылы түскен қоңырауларды қабылдап, осы бойынша салық төлеушілерге неғұрлым ыңғайлы және жылдам форматта консультациялық қызметтер көрсету.

Сервис абоненттерге бейнеконсультация барысында мәтіндік хабарламалар мен қажетті сілтемелер жіберуге мүмкіндік береді", - деп жазды комитеттен.


Байланыс орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.