Кеше 2133 адам коронавирустан жазылды

Кеше 2133 адам коронавирустан жазылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматыда 298 науқас сауықты

Қазақстанда 2133 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында - 795,
Алматы қаласында - 298,
Шымкент қаласында - 0,
Ақмола облысында - 0,
Ақтөбе облысында - 47,
Алматы облысында - 66,
Жетісу облысында - 169,
Атырау облысында - 8,
Шығыс Қазақстан облысында - 37,
Абай облысында - 64,
Жамбыл облысында – 102,
Батыс Қазақстан облысында - 53,
Қарағанды облысында - 344,
Ұлытау облысында - 8,
Қостанай облысында - 0,
Қызылорда облысында - 57,
Маңғыстау облысында - 18,
Павлодар облысында - 45,
Солтүстік Қазақстан облысында - 0,
Түркістан облысында - 22.
Елімізде барлығы 1 338 589 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.