«Күміс жастағыларға» жұмыс берушілерден өтініш қабылданып жатыр

«Күміс жастағыларға» жұмыс берушілерден өтініш қабылданып жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл бағдарлама аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады.

Мұндай азаматтарға жалақының 50 пайызын мемлекет, қалған 50 пайызын жұмыс беруші төлейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Іnbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Күміс жас» бағдарламасына қатысуға ниет танытқан жұмыс берушілерден өтінім қабылдап жатыр. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов айтты.

«Биыл «Күміс жас» бағдарламасын іске асырамыз. Бұл бағдарлама аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтарды уақытша жұмыспен қамтимыз. Мұндай азаматтарға жалақының 50 пайызын мемлекет, қалған 50 пайызын жұмыс беруші төлейді. Жалақының ең жоғары шегін 30 айлық мөлшерінде болады. Бұл 91 мың теңге шамасында. Мысалы, жұмыс беруші 180 мың теңге жалақы белгілесе, онда оның 90 мыңын мемлекет төлейтін болады. Бұл бағдарламаға қатысуға ниет танытқан жұмыс берушілерден өтінім қабылдап жатыр», - деді ол қала әкімдігінде өткен брифинг барысында.