«Әлеуметтік әмиян» қосымшасы арқылы тауарларға төлем қалай жүргізіледі?

«Әлеуметтік әмиян» қосымшасы арқылы тауарларға төлем қалай жүргізіледі?
inform.kz

Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азаматтың цифрлық «әлеуметтік әмияны» жобасының іске асырылуы туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Министрдің айтуынша, «әлеуметтік әмиян» әлеуметтік төлемдерді есептеу рәсімін жеңілдетуге, әлеуметтік қолдау процесін жетілдіруге, сондай-ақ бюджет қаражатының шығысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов олардың ЖСН базасында құрылатын азаматтарға «әлеуметтік әмиян» ашылатыны және қосымша арқылы тауарларға төлем қалай жүргізілетіні туралы айтып берді.

Сонымен, ол тиісті әлеуметтік төлем алынған кезде іске қосылатынын айтты. Одан басқа, қосымшада азамат QR код арқылы төлей алады немесе таңдалған банк арқылы әлеуметтік төлемдерді қолма-қол ақшаға айналдырады.

Ал азық-түлікті төлеу үшін «әлеуметтік әмиянды» пайдаланатын азамат қосымшаға кіріп, «QR төлем» опциясын таңдау қажет.

Осыдан кейін сатушы QR коды бар терминалды ұсынады, сатып алушы осы QR кодты қосымшадан сканерлейді және төлемді растайды. Осылайша, біріздендірілген QR код арқылы тауарлар мен қызметтер үшін төлем қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, «әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасын желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.