Мемлекеттік хатшы қазақстандықтарды референдумға белсене қатысуға шақырды

Мемлекеттік хатшы қазақстандықтарды референдумға белсене қатысуға шақырды
Сурет: Еgemen.kz

Конституциялық реформалардың ең басты маңызы – саяси институттар арасындағы қарым-қатынасқа оптималды баланс орнату.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ата Заңымызға қандай өзгерістер енгізілетінін айтып, оның ел дамуындағы маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ерлан Тынымбайұлы: Конституциялық реформалардың ең басты маңызы – саяси институттар арасындағы қарым-қатынасқа оптималды баланс орнату. Мысалы, Парламенттің статусын арттыру, Есеп комитетінің Жоғарғы аудиторлық палата болып өзгертілуі. Бұл палатаның төрағасы жылына 2 рет Парламент алдында есеп береді. Бұл бюджеттің игерілуін қадағалау функциясын күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Конституциялық соттың атқаратын қызметін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Конституциялық сотқа кез келген азамат шағымдана алады. Адам құқықтарына ие уәкіл конституциялық статусқа ие. Ол қандай да бір мемлекеттік органға тәуелді болмайды.

Сөз соңында Мемлекеттік хатшы қазақстандықтарды референдумға белсене қатысуға шақырды.