Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар елдерде елшілер ауысты

Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар елдерде елшілер ауысты
Сурет: 24.kz

Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірнеше елші тағайындалды.

Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.