«Менің елім, менің туым»

«Менің елім, менің туым» Сурет: 24.kz

«Менің елім, менің туым» патриоттық акциясына атыраулықтар да үн қосты.


«Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері көпқабатты тұрғын үйлерде көк байрағымызды желбіретті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуге арналған іс-шара 25 қазан – Республика күніне дейін жалғасады.


Бүгін «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері Алмагүл ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерде Көк Туымызды желбіретіп, патриоттық акцияға үн қосты. Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға 20-ға жуық жас қатысты.



«Жастар рухының» белсенділері жиналып, Атырау қаласында өзіміздің Туымызды насихаттауды шештік. Бұл туларды ілу арқылы біз өзіміздің жастарымыздың, жалпы халқымыздың патриоттық сезімін оятуға тырысып жатырмыз. Алдағы уақытта барлық қатысқысы келетін адамдарды шақырамын осы акцияға қатысуға», - дейді студент Рубина Ханзада. 



Бұл акция ертең де жалғасын табады. Жас белсенділер басқа да шағын аудандарды аралап, көпқабатты тұрғын үйлерге көк Туымызды іледі. Бұл – олардың патриоттық сезімі мен Отанға деген махаббатын оятады, дейді ұйымдастырушылар.



«Бұл челлендждің негізгі мақсаты – елімізде тұрғындардың, жастардың арасында көк Туды насихаттау. Өздеріңіз білесіздер, 25 қазан – Республика күні. Сол мерекелік шараның аясында ұйымдастырылып отыр. Бүгін Атырау облыстық филиалының жас белсенділері осы Алмагүл ықшам ауданында көпқабатты үйлерде көк Туымызды желбірету челленджін қолдап жатырмыз», - дейді « Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрмет. 



«Менің елім, менің туым» акциясы аудандарда да өтеді. Игі дәстүрге айналған акция қазір еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. 500-ден астам жас бес мың Ту көтеруді жоспарлаған.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37