Алматы қаласы Әуезов ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары

Алматы қаласы Әуезов ауданының  сайлау учаскелерінің шекаралары
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 03 шешімі, Алматы қаласының Әділет Департаментінде 2023 жылы 19 қазанда № 1742 болып тіркелді

«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 1 «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»

 

         Әуезов ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

  1.   Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 наурыздағы «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы»  № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1610 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

         аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1.   «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

         1) осы шешімнің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы шешімнің Әуезов ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1.   Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімі аппаратына жүктелсін.
  2.   Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Әуезов ауданының әкімі                                       А. Егембердиев

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Алматы қаласы Аумактық сайлау комиссиясы


Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерінің тізімімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар



Файлы