Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Сочиге барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Сочиге барды
Сурет: Inform.kz

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочи қаласына (Ресей Федерациясы) барды.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz БОРТ N1 Telegram каналына сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайтыны жоспарланған.

Ал 24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.