Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: 24.kz

Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Еліміздегі 8 облыстың аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

23 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды қаласында ертең көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Жезқазғанда ертең көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда ертең түнде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, күндіз оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда ертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетауда ертең көктайғақ болуы мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ болуы мүмкін, тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда қаласында ертең көктайғақ болуы мүмкін. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстіктен соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда ертең көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстіктен соғатын жел шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында және оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Алакөл көлдерінің ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында ертең жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Шымкентте ертең оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан қаласында ертең таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.