Алматыда бес бірдей телефонды қалтасына басқан ұры әйел ұсталды

Алматыда бес бірдей телефонды қалтасына басқан ұры әйел ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Қалта ұрыларынан сақ болыңыздар!

Алматыда қалта ұрысынан бес телефон тәркіленді. Полиция қызметкерлері смартфон ұрлады деген күдікпен әйел адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 «Солтүстік айналма жолының бойындағы Алатау-2 базарында қалта ұрлығымен айналысқан К. есімді азаматша ұсталды. Қыздың күртешесінің қалтасынан Samsung телефонын шығарып алған. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ұстау кезінде одан бес телефон тәркіленді. Қазір тергеушілер әйелдің Алматының басқа да аудандарында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.