Спорт саласының қызметкерлерін министр марапаттады

Спорт саласының қызметкерлерін министр марапаттады Сурет: Elorda.info

Тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні атап өтіледі.


Кәсіби мереке қарсаңында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев спорт саласы қызметкерлерін марапаттап, олардың салауатты өмір салтын дамытуға және насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.imfo сайтына сілтеме жасап. 



«Біздің елімізде спорт әртүрлі жастағы, ұлт пен кәсіптегі көптеген адамдардың басын біріктіреді. Спортта әлеуметтік мәртебеге немесе географияға ешқандай шектеулер жоқ. Шынтуайтына келгенде спорт маңызды адами құндылықтарға ие және де спорт жалпы ұлттың физикалық денсаулығын нығайтуға ықпал етеді. Жылдан жылға спорт қауымдастықтары мен секцияларының саны артып, спортпен үнемі айналысатын азаматтардың саны артып келеді. Әрине, бұл жерде жаттықтырушылардың, төрешілердің және спорт менеджерлерінің еңбегі зор. Мұның бәрі олардың таңдаған мамандығына деген ынтасы мен адалдығына тікелей байланысты», - деді Дәурен Абаев.



Салтанатты іс-шара олимпиада резервінің облыстық және республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің жұмысы мәселелері жөніндегі кеңес шеңберінде өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12