Ұлт ұясы – Ұлытау

Ұлт ұясы – Ұлытау
Сурет: El.kz

Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың алғашқы жиыны өтіп жатыр.

Алқалы жиынды ашқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық мән-маңызына тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл өңірде жаңа облыс құрылғанын естеріңізге сала кетейік.

"Қасиетті өлкенің атауын жаңғыртып, оны Ұлытау деп атадық. Дербес облыс мәртебесі осы аймақты тың серпінмен дамытуға мүмкіндік береді. Жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі деп ойлаймын", - деді Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев.

Президент мұнда жаңа нысандар, солардың ішінде әлеуметтік кешендер бой көтеріп, туристік әлеуеті артатынын айтты.

"Облыстың алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталуда. Ұлт ұясы – Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты", - деді Мемлекет басшысы.