Электр энергиясы саласы өркендеп келеді

Электр энергиясы саласы өркендеп келеді
Сурет: Newvz.ru

Оңтайлы энергия

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту – басымдықтар қатарында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com cайтына сілтеме жасап.

Елімізде 2025 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 59 жаңа нысаны іске қосылады. Осылайша ел бойынша белгіленген қуаты 4 жарым мың мегаваттқа жуық ЖЭК-нің саны 180-нен асады. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, электр энергиясын тұтынудың өсімі және маневрлік қуаттарды дамыту – республиканың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты. Аталған жобаларды іске асыру шеңберінде шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартылады. Осылайша ЖЭК үлесі екі есеге артпақ.

Бұдан басқа, Қазақстанда бейбіт мақсаттағы атом мен сутегі энергетикасын дамыту бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу жоспарланып отыр.

Дәлірек, осы салалардағы мамандықтар бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында студенттерді оқытуға гранттар мен стипендиялар бөлінеді.