Мемлекет басшысы Үкіметке Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды

Мемлекет басшысы Үкіметке Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды
almaty-akshamy.kz

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды.

«Елімізге ауқымды инвестиция тартудың тағы бір маңызды шарты – Ұлттық инфрақұрылым жоспары. Бұл құжат сапалы әзірленуге тиіс. Ойға келгеннің бәрін бір құжатқа жинақтап, сосын бюджеттен қаржы бөлінбеді деп сылтау айту – қолыңнан түк келмейтінін мойындау деген сөз», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкіметке Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды.

«Негізгі басымдықтарды айқындап, стратегиялық маңызы бар жобаларға жеке инвестиция тарту мәселесін мұқият ойластыру керек. Тек аса қажет болған жағдайда ғана қаржылай қолдау шараларын қарастырған жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.