Мемлекет басшысы Сенаттың бес депутатын тағайындады

Мемлекет басшысы Сенаттың бес депутатын тағайындады
Сурет: Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сенаттың бес депутаты тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Жақып Қажманұлы Асанов;

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;

Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;

Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.