Мемлекет басшысы Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda.kz

15 тамызға қараған түні  Махачкаладағы жанармай құю бекетінде үлкен жарылыс болып, салдарынан кем дегенде 25 адам қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.   

«Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.