Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі
Сурет: Naqty.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Ауылдық жерде денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары бойынша бекітілген Ұлттық жоба шеңберінде 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек объектісін салу, сондай-ақ жарақтандыру, күрделі жөндеу, реконструкциялау жолымен 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту көзделеді. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, медицина мамандығының беделін арттыру шеңберінде бірқатар іс-шара жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, 2023 жылдан бастап үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын енгізу көзделген.

Сонымен қатар 2023 жылдан бастап резидентураға гранттарды қосымша 70%-ға ұлғайту басталды. Медициналық жоғары оқу орындарында білім алушылардың стипендиясы жыл сайын 15-20%-ға ұлғайтылады. Дәрігерлердің жалақысын 30%-ға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға арттыру жоспарланған.