Медиктердің кәсіби жауапкершілігі артады

Медиктердің кәсіби жауапкершілігі артады
сурет:inform.kz

Биыл медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі іске қосылады

ҚР Үкіметі 2023 жылы атқарылатын істер туралы жоспарын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Үкіметінің Telegram каналына сілтеме жасап.

2023 жылы төмендегідей жұмыстар жүзеге асырылады:

 – шалғай ауылдарда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жылжымалы медициналық кешендер кеңінен қолданылады, бұл 1,5 млн ауыл тұрғынын қамтуға мүмкіндік береді;

- Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырыла бастайды;

- медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі іске қосылады;

- орташа жалақы артты: дәрігерлерге 30%-ға - 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлеріне 20%-ға – 250 мың теңгеге дейін;

- Резидентурадағы гранттар саны 70%-ға ұлғайтылатын болады;

- Ғылыми-зерттеу компоненті бар екі көпбейінді клиниканың – Астанадағы 200 орындық Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының және Алматыдағы 350 орындық Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығының құрылысын аяқталады.