Медеу ауданында қай көшедегі жолдар жөнделеді?

Медеу ауданында қай көшедегі жолдар жөнделеді?
Сурет: Aлматы қаласының әкімдігі

Қалалық мобилділік басқармасының желісі бойынша ауданда ұзындығы 32 км болатын 37 көшедегі жолдар орташа жөндеуден өтеді.

Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мемлекеттік басқаруды децентрализациялау аясында биыл 1 сәуірден бастап барлық аудан әкімдігі өздігінше жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Жаңа функцияны орындау үшін Медеу ауданына 500 млн теңге бөлінді, бұл 50 мың шаршы метр жол төсемін жөндеуге мүмкіндік береді», - деді Ерболат Досаев.