Медеу ауданында 156 автобус жаңартылды

Медеу ауданында 156 автобус жаңартылды
almaty-akshamy.kz

Медеу ауданында қызмет көрсететін қоғамдық көлік автобустарын жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі таңда 9 бағыт бойынша 156 автобус жаңартылды (№8, 13, 37, 38, 69, 117, 119, 207, 225). Осы жылдың соңына дейін тағы 10 бағыттың 249 автобусы жаңартылады (№79, 63, 50, 45, 32, 12, 92, 118, 120, 121).

Бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту аясында осы қазан айында 750 жаңа бейнекамера орнатылады.