Ауа райының суықтығы Өзбекстан оқушыларын да әуреге салды

Ауа райының суықтығы Өзбекстан оқушыларын да әуреге салды
Сурет: Gazeta.uz

Өзбекстанның кейбір аумағында оқушылар әлі демалыста. 

Өзбекстанда ауа райына байланысты Сұрхандария және Қашқадария облыстарының барлық білім беру ұйымдарында қысқы демалыс 18 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сонымен қатар Әндіжан, Хорезм, Наманган, Ташкент облысы, Қарақалпақстан Республикасы, Ферғана, Бұхара және Сырдария облыстарының білім беру ұйымдарында қысқы каникул 18 қаңтарға дейін ұзартылды.