Жайлы қалалық ортаны құру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда  

Жайлы қалалық ортаны құру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда  
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Биылғы жылдың соңына дейін «Самал-1» шағын ауданындағы Мемлекеттік музей жанындағы скверді реконструкциялауды аяқтау жоспарлануда.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Осы жылдың тамыз айында «Самал-1» шағын ауданындағы «Журналистер» скверін реконструкциялау басталды. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Сіздердің өтініштеріңіз бойынша «Алатау» шағын ауданында Ибрагимов көшесі бойынша скейт-парктің құрылысы басталды (2023 жылғы 25 тамыз). Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтаймыз», - деді Е.Досаев.

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту шеңберінде Тереңқұрдағы су айдынын реконструкциялау үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталу мерзімі – осы жылдың желтоқсан айы.

Сонымен қатар, Тереңқұрды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

Медеу ауданында жайлы қалалық орта құру үшін 122 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда 15 аула аумағы абаттандырылды, 7 үйдің фасады жаңартылды,13 жерүсті (8 шығыс айналма жол бойынша – жөндеу) және жерасты (5, оның ішінде 3 – гидрооқшаулау, 2 – жөндеу) жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу аяқталды. 4 автоматты суару жүйесін реконструкциялау және 2 қоғамдық кеңістікті абаттандыру аяқталды. Қалған 81 жоба бойынша (65 аула, 16 үйдің фасады) жұмыстар осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады