Маймыл шешегінің бірнеше түрлерінің жаңа атаулары ресми бекітілді

Маймыл шешегінің бірнеше түрлерінің жаңа атаулары ресми бекітілді
Сурет: Qazaqtv.com

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.

Енді вирус түрлері Рим цифрларымен белгіленетін болады. Бұдан былай маймыл шешегінің нұсқалары Африканың бұрын аталған аймақтарымен байланысты болмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, бұрынғы Конголық түрі – І клада, ал Батысафрикалық - II клада деп аталады.

Еске салсақ, 23 шілдеде Дүниежүзілік денсаулық сақтау желісі маймыл шешегінің өршуін жаһандық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды. Мамыр айынан бері әлемде аталған вирусты 31 мыңнан астам адам жұқтырған. Олардың көбі Африкадан тыс елдерде тіркелген.