Майқайыңға шыққан облыс әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

Майқайыңға шыққан облыс әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады
Сурет: ашық дереккөз

Олар Майқайың кентінен Павлодарға келе жатқан. 

Майқайыңдағы опырылған шахтаға түсіп кеткен автобустағы құтқарушыларды іздеу комиссиясының жұмыс тобында болған Павлодар облысы әкімінің 1-ші орынбасары жол апатына ұшырады. Көктайғақ кесірінен жол талғамайтын Ланд Крузер көлігі аударылып кеткен. Серік Батырғожинов пен оның көмекшісі қазір нөмірі 1-ші қалалық ауруханада ем қабылдауда. Жүргізуші аман, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Терең шұңқырға түсіп кеткен автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушыны іздестіру жұмыстары басталғалы 6 тәулік өтті. Бірақ нәтиже жоқ. Бұған дейін екі құтқарушының денесі шығарылған шыңырауда қазір арнайы техника мен 130-дан астам адам жұмыс істеуде. Өндірістегі апаттың нақты себебін анықтау үшін арнайы комиссия жасақталды.