Марат Әшім Президент Протоколы қызметінің басшысы болды

Марат Әшім Президент Протоколы қызметінің басшысы болды
Сурет: ашық дереккөз

Марат Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген Жарлықта.

Мемлекет басшысының өкімі бойынша Дмитрий Михно Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.