Маралтай РАЙЫМБЕК, ақын: Бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек

Маралтай РАЙЫМБЕК, ақын: Бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек
almaty-akshamy.kz

– Бүгін отбасымызбен сайлау уаскесіне ертерек келуге тырыстық. Сөйтіп, өз таңдауымызды жасадық. Осылайша ел тізгінін ұстайтын тұлғаға даусымызды бердік. Біз әрқашан жанұямызбен ел тағдырын шешетін елеулі дүниелерге атсалысып келеміз. Бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек. Бұрынғысынан өзгерек болып жатыр. Сондықтан әділ сайлау өтіп жатыр деп айта аламыз. Осыған дейін талай мәрте саяси науқандарға араласып жүрміз.

Алматы әрқашан ел тағдырында маңызды орында тұрады. Сайлаушылардың қатары бозғыл таңнан бастап белсенді. Келушілер қатары көп. Ел-жұрт өз таңдауын жасауда. Әрине, көпшіліктің осындай белсенділік танытуы қуантады. Бүгінгі заман да, уақыт та өзгеруде. Әркім өзінің сайлау кезіндегі үлесінің бар екенін біледі. Сонымен бірге өз жауапкершіліктерін сезінеді. Сондықтан да елдің бәрі бір кісідей атсылып жатыр.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Осы жолғы сайлау тек жақсылықтар мен игі бастамаларға жол бастай берсін!