Мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді

Мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді
Сурет: Almaty.tv

Себебі —  көлік заңдастыру мәселелері бойынша өтініштер саны азайған.

Қазақстанда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұдан былай шетелдік көліктерді заңдастырумен айналысатын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды», - делінген хабарламада.

Ал Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Тараз және Орал қалаларында мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесі бұрынғысынша (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін) қала береді.

Орталықтар 6 наурызға дейін жаңа режимде жұмыс істейді. Өзгерістер болса, қосымша хабарланады.