Анықтама он мың теңге тұра ма?

Анықтама он мың теңге тұра ма? Сурет: ашық дереккөз

Осы денсаулық саласы даудан арылмады. Бұл жолы алматылықтардың шамына тиген негізгі мәселе кезек күту және 075/у формасындағы медициналық анықтама, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz .


 



- Ауырмаған соң, ақ халаттыларды іздей бермейміз. Өткенде жұмыс орнымды ауыстырдым. Әлгі жұмыс орныма 075/у формасындағы медициналық анықтама керек болды. Ала салайын деп тіркелген емханама бардым. Тіркеуші мені бірден ақылы бөлімге жіберді. Ойланбастан сонда бардым. Сөйтсем, әлгі анықтаманы алу үшін 10 000 теңге төлеуім керек екен. Сол кезде не үшін ақылы бөлімге жіберді деген ой келді. Содан қайта тіркеушіге келіп, ол анықтаманы тегін алуға не кедергі екенін сұрадым. Сөйтсем, аңқаулығымды пайдалану екен. Сонымен қызық енді басталды. Анықтама алу үшін учаскелік дәрігеріме бару керек болды. Ал оған кезек күту керек, - дейді Дархан есімді қала тұрғыны.



Тіркеуші алдымен кезекті наурыздың соңына қоятын болыпты. Алайда тұрғынның шу шығаруынан соң екі күннен кейінге кезекке тұрғызған.



- Осы ақылы бөлім деген адамды шатастырады. Қарап тұрып, бала-шағамның аузынан жырып он мың теңге бере жаздадым. Бәрі ақылы болса, неге біз мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына қаражат аударамыз. Ол жақтан бір желініп, мына жақтан бір желінсек...,-дейді  тұрғын.



Шындығы керек, қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп көрдік. Жұмысқа тұру үшін талап етілетін анықтаманы ақылы алатыны басым болып шықты. Ал анықтама 10 000 теңге тұра ма? Осы жерде заңды сауал туындайды. Неге ақылы? Анықтаманы тегін алуға бола ма? Сондықтан мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін «Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» комуналдық мемлекеттік мекемеге жолдаған сауалымызға төмендегідей жауап алдық. 



«075/у формасындағы медициналық анықтама азаматтардың денсаулығы туралы берілетін кәсіби-клиникалық қорытынды болып табылады. 075/у формасындағы анықтама бекітілген стандартқа сәйкес ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет болып табылады».



Ал МӘМС мәселесіне қатысты келесі жауапты алдық:



«2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңының 14-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлеуге міндетті екенін хабарлаймыз, - дейді «Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ хабарламасында.



 Тақырыпқа орай


Екі есе арзан


075/у формасындағы медициналық анықтамаға қатысты бірнеше жекеменшік медициналық орталықтарға хабарласып көрдік.


«Azia medical» медорталығы анықтаманы 4000 теңгеге жасап береді екен.


«Эмир мед» орталығы флюорографияңыз жоқ болған жағдайда 5400 теңгеге, егерде қолыңызда флюорографияңыз болса, 3500 теңгеге жасап береді екен.


«Algamed» орталығында флюорографияға түсіретін аппаратының жоқтығына байланысты әлгі анықтаманы 3500 теңгеге жасайды екен.


Қайсысы тиімді екенін өзіңіз бағамдап көрерсіз!..

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26